Түркістан полицейлері жоғалған жасөспірімді тәулік ішінде тапты

Сарыағаш  АПБ-ға  таңғы сағат  09:00  шамасында Еңкес  ауылының  тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Оның айтуынша   17  жасар баласы белгісіз бағытқа шығып қайта оралмаған. Сондай-ақ  әкесінің  өз баласын іздеп жүргеніне 4 тәулік болған.  Алайда еш нәтиже шықпаған соң,  полицейлердің көмегіне жүгінген.   

image.png

Сарыағаш  АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған баланы  табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде баланы Мичурина ауылында досымен жүрген жерінен тапты. Белгілі болғандай жоғалған бала үйіндегілерімен сөзге   келіп  кетіп қалған. 

Қазіргі таңда жоғалып  кеткен бала үйіне қайтарылды. Ұлымен аман есен қауышқан әкесі, баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне ізгі ықыласын білдіріп, рақметін айтты. 

«Баламның  із-түзсіз  жоғалып кеткеніне 4 күн болды. Ары іздеп бері іздеп таппаған соң полицейлерге хабарластым. Ал полицейлер баламды дер кезінде тауып берді. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақметімді айтамын»! ,-деді әкесі.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға балаларыңызға абай болыңыздар, сыртқа шыққанда қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді.

ТО ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер