Келестік полицейлердің кәсібилігінің арқасында банкомат экранын сындырған күдікті анықталды

Келес АПБ-ның 102 кезекші бөліміне Абай ауылы көшелерінің бірінде орналасқан банкоматтың бейнеэкранын белгісіз біреу түнгі уақытта сындырып кеткені жөнінде арыз келіп түсті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеуге алынып, полицейлер бірден іске кірісті.

 image.png

Қоғамдық орында бұзақылық жасаған күдіктіні ұстау мақсатында тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Бейнебақылау камераларын қарап, сол күні түнде келген күдікті адамдар мен көліктердің тізімі алынды. 2 тәулік қатарынан үздіксіз іздестіру жұмыстары жасалды. 10 шақты көліктің иелері тексеріліп, соның ішінен осы теріс әрекетті жасаған күдікті анықталды. Полицейлер оны өз үйінен ұстап, Келес АПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. 

Белгілі болғандай, күдікті түнгі уақытта банкоматтан ақша шешуге келіп, аппарат банкомат карточкасын қабылдамағаннан кейін, ашуға ерік беріп банкоматтың экранын сындырған. Содан кейін оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Алайда кәсіби шеберлігі мол келестік полицейлердің тындырымды тірлігі нәтижесінде, бұзақы ізін суытпай құрықталып отыр. 

Түркістан облысының полицейлері әрбір азаматқа бұзақылық жасамау, қоғамдық тыныштықты сақтау міндет етілетінін ескертеді. Сондықтан қоғамдық тәртіпті сақтап жүрейік! 

image.png

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер