Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады

Мақтаарал АПБ-ның полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында, күнделікті жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруда.  Осындай кезекті шара барысында Мақтаарал АПБ полицейлері  ішімдік ішіп, көлік басқарған жүргізушіні анықтады.

image.png

Полицейлер күндізгі сағат 10:30 шамасында жол ережелерін өрескел бұзып келе жатқан автокөлікті тоқтатады.  Оны тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүргізушінің мас күйіне күдіктенді. Сонымен қатар автокөлік иесінің  бұдан алдын да мас халде көлік басқарғаны үшін 7 жыл мерзімге автокөлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Осыған қарамастан екінші рет алкогольдік масаң халде көлік басқаруына күдіктенген полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданының тұрғынына қатысты медициналық сараптама тағайындады. Куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізушінің мас екендігі анықталды. 

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Сонымен қатар жинақталған іс-құжаттарды заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық сотына жолдады. 

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын естен шығармағаны жөн.

image.png

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер