Түркістандық жас тергеушілерге арнайы сабақ өткізілді

Түркістан облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасында, Түркістан ҚПБ-ның ұсынысымен жас тергеушілер мен анықтаушылардың біліктілігін арттыру мақсатында маңызы зор шара ұйымдастырылды. 

image.png

Нақтырақ айтсақ, іс-шарада Түркістан қаласы ПБ-ның Тергеу және Анықтау бөлімінің жас мамандарына электрондық қылмыстық істерді «үш буынды» тергеу бағытына қатысты сабақ өткізілді. Әрбір қылмыстық істің ақ-қарасын анықтап, электрондық тергеу кезінде туындаған кемшіліктерді жою, болдырмау сынды түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Арнайы сабаққа түркістандық жас тергеушілер белсенді қатысып, өздерінің тарапынан пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойып, жоғары деңгейде өтуіне септігін тигізді. 

image.png

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағашта өсімдік майы зауыты іске қосылды
  • Шардара: Крахмал-сірне зауыты өндіріске жаңа серпін береді
  • Келес: Ecoculture-Eurasia—теңдесі жоқ жоба
  • 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер