Түркістан облысының полицейлері көлік төсенішінің астынан есірткі тапты

Ордабасы АПБ ЖПҚ патрульдік полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Ержігіт Қонарбаев күнделікті патрульдеу қызметінде жүріп, Темірлан ауылындағы көшелердің бірінде көлігін дұрыс жүргізбей келе жатқан «Нива» жүргізушісін тоқтатады.  Содан жүргізушінің есірткілік масаң күйде екендігіне күмәнданып, Ордабасы АПБ-ның кезекші бөліміне дереу хабар береді. 

image.png

Оқиға орнына бірден жеткен жедел-тергеу тобы жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде, автокөліктің ішкі бөлігінде алдыңғы екі орындықтың ортасындағы  төсеніш астына қағазға оралып жасырылған  зат тауып алады. Оны ашып қарағанда  жасыл түсті, айрықша хош иісі бар есірткіге ұқсас өсімдік екені белгілі болды. Полицейлер алынған заттай дәлелдемені сараптамаға жіберді. Ал жүргізуші Ордабасы АПБ-ға жеткізілді. 

Аталған жайт СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» тіркелді. Қорытындыға сәйкес, тәркіленген есірткі кептірілген марихуана болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта», көлігі айыптұрақта. Болған жайттың барлығы патрульдік полиция қызметкерлерінің бейнежетонына түсірілген.

image.png

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер сізде осындай құқық бұзушылықтар туралы қандай да бір ақпарат болса, тез арада  полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер