Жол қауіпсіздігі ережесінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Ордабасы полицейлерімен үнемі рейдтік-профилактикалық іс-шаралар атқарылып келеді. Осындай кезекті тексеру кезінде полицейлер екі бірдей автокөліктің тоқтап тұру қағидасын бұзғанын анықтады. Яғни «Ваз-2111» маркалы көлік жүргізушісі автокөлігін жолдың бойына қойып, басқа да көліктерге кедергі жасаған. Және де «Опель-вектра» маркалы автокөлігі де тоқтап тұруға рұқсат етілмеген жерге тоқтаған. Бұл құқықбұзушылық бейнежазбаға түсірілген.
Осы заң бұзушылықты жасаған жүргізушілерді анықтау үшін тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Тексеру барысында жүргізушілердің бірі жергілікті тұрғын, енді бірі Қызылорда облысының тұрғыны екені белгілі болды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 1-бөлігімен "Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу" әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама түзілді.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережесін мұқият сақтап, абай болуға кеңес береді. Жол үстінде жасалған кез келген қателіктің соңы орны толмас қайғыға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан тәртіпке бірдей бағынайық!!!
ТО ПД-нің баспасөз қызметі