Түркістан полицейлері алаяқтыққа қатысы бар Қарағанды қаласының тұрғынын ұстады

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. Оның айтуынша белгісіз адам  телефон арқылы қоңырау шалып «пәтер ұтып алдыңыз, оны алу үшін 500 000 теңге аудару керексіз...», - деп есеп  шотына 500 000 теңге аудартып, алаяқтық  жолмен алдағанын көрсеткен. Аталған жайтты Сарыағаш АПБ-ның полицейлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы «Алаяқтық»  бойынша тіркеп іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

image.png

Сарыағаш полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Қарағанды қаласының әйел тұрғынын  анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Күдікті азаматшаның  жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өз қажетіне жаратқаны белгілі болды.  Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Ұсталған  азаматшаның бас шарасы қолхатта. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни үй сатып алып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. 

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер