Түркістан облысында заңсыз тас тасыған тұрғын, полицейге қарсылық көрсетті

Бәйдібек АПБ-ның кезекші бөліміне өзен бойында жер қойнауын заңсыз пайдаланып, тас алып жатқаны бойынша хабарлама келіп түсті. Ақпарат алған бойда оқиға орнына Бәйдібек АПБ-ның әкімшілік полиция инспекторы полиция капитаны Серік Қарабаев жетті.

image.png

Оқиға орнына жеткен полицей «ZEL-50» маркалы жүк тиегішімен (погрузчик) жер қойнауынан тас алып жатқанын көреді. Тәртіп сақшысы заң аясында өзін таныстырып, бұл әрекеті заңға қайшы екенін ескертіп, тоқтатуын талап етеді. Ал жүргізуші болса, билік өкілінің заңды талабына бағынбай, қарсылық көрсетіп, оқиға орнынан тұрғылықты мекенжайына кетіп қалған. Содан артынан қуып жеткен полицей ер азаматты  үйінің ауласына кіріп жатқан кезде тоқтатады. Полиция капитаны өзінің қандай негізбен келгенін түсіндіріп, міндетін атқарғанына қарамастан тұрғын дөрекі мінез танытады. Билік өкіліне қарсы негізсіз айыптаулар тағып, аузына келген былапыт сөздермен қорлай бастайды. Яғни, тұрғын өзінің теріс қылығын көрсетіп, полиция қызметкеріне күш қолданып, түрлі дене жарақатын салады. 

Бұл жағдайлардың барлығы полицейдің бейнежетонына түсірілген. Осыған байланысты құқық бұзушы ер адам АПБ-ға жеткізілді.  Белгілі болғандай, ол жергілікті тұрғын болып шықты. Сондай-ақ жүргізушінің жөнсіз әрекеті ҚР ҚК-нің 378-бабы 1-бөлігі «Билік өкілін қорлау» бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Іс бойынша жәбірленуші полицейге қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Ал заңсыз тас тасымалдауға қатысты жинақталған іс-құжаттар құқық бұзушыны көзделген әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін, Экология департаментіне жолданды.

Түркістан облысы полицейлері өз кезегінде азаматтарға қоғамдық орында тәртіпті бұзбауға кеңес береді. Сонымен қатар өз қызметтік міндетін атқаруға келген билік өкілдеріне күш қолданудың соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратынын ескертеді. 

image.png

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер