Түркістан облысының полицейлері заңсыз сауда жасаушыларды жауапқа тартты

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тұрақты түрде облыс көлемінде заңсыз сауда орындарында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Мысалы сайрамдық сақшылар Манкент ауылының Айнабұлақ көшесі бойында белгіленбеген орында сауда-саттық жасап жатқандар жөнінде хабарлама алып, оқиға орнына тексеруге шықты. Нәтижесінде жергілікті тұрғынның бірі өзінің жүк көлігінен қарбыз сатып жатқаны анықталды. Сонымен қатар келесі тұрғын өзіне тиесілі автокөлігінен сабан сатып жатқаны белгілі болып, әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Екі жайт бойынша да ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы «Белгiленбеген орындарда сауда жасау» бойынша хаттама толтырылды.

image.png

Сонымен қатар тәртіп сақшылары заңсыз сауда жасау фактілерінің алдын алу мен жолын кесу бойынша саудагерлер арасында түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізуде.

Заңсыз сауда жасаушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі баптары түсіндіріліп, аудан аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау керек екені ескертілді. Аудан аумағында бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп отырмақ. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жеке кәсіпкерлерге тек арнайы белгіленген орындарда ғана сауда жасауға, дүңгіршек орнатуға кеңес береді. Заңға қайшы тірлік жасағанға жауапкершілік  барын ескертеді.

image.png

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер