Түркістан облысының полицейлері 10-нан астам жүк көлігінің аккумуляторларын ұрлаған күдіктіні ұстады

Түлкібас АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Оның айтуынша белгісіз азамат ауыр жүк көлігінің екі бірдей  аккумуляторын ұрлап кеткен. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша СДТБТ-ға тіркеп, күдіктіні іздеуге кірісті.

image.png

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен Түлкібас АПБ-нің полицейлері бұрын сотты болған Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады. Тәртіп сақшылары күдіктіні бірден полиция бөліміне жеткізіп, тергеу амалдарына кірісті. Бүгінгі таңда белгілі болғандай  күдіктінің осындай 10-нан астам  ұрлық жайтына қатысы бары анықталды. 

Ол жол бойында түрлі себептермен тоқтап тұрған жүк көліктерін құрал-саймандардың көмегімен ашып, аккумуляторларды ұрлаған. Осылайша өзінің басқаруындағы жеңіл автокөлігіне салып, Шымкент қаласына қарай беттеген. Содан соң қолды еткен заттарының барлығын темір қабылдайтын орынға өткізіп жіберген. Ал түскен ақшаны жеке басының қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.  

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және өз автокөліктерін көшеде қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Мүмкіндігінше автокөліктерге дабылқаққыш орнатуды ескертеді. Сондай-ақ, ұрылардың назарын аудармау үшін ақша мен құнды заттарды автокөлік ішінде қалдырмаңыз. 

Егер, сіз, біреудің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз.

image.png

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер