Түркістан облысының полицейлері тұрғынның банк кәртішкесінен ақша аударып алған жігітті ұстады

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші жас жігіттің айтуынша оның банктік кәртішкесінен белгісіз тұлға 180 000 теңгеден астам ақшасын заңсыз аударып алған. Содан өзіне тиесілі қаражатты нақты  кім алғанын анықтап беру үшін полицейлерге шағымданып, көмектесуін сұрайды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТТБТ-ға тіркеп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық»  бойынша тексеруді бастады. 

image.png

Орын алған қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы шұғыл әрекет етті. Қажетті шараларды іске асырды. Жәбірленушінің жауабы арқылы күмәнді таныстары тексерілді. Соның нәтижесінде полицейлер жәбірленушінің банктік кәртішкесінен ақша жымқырған жатақханада өзімен бірге тұратын танысы екенін анықтады. Белгілі болғандай бөлмелес досы оның ақшасын, ұялы телефондағы банктік қосымша арқылы өзіне аударып алған. Оған қоса ақшаны құмар ойын ойнауға жұмсағаны айқындалды.  

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Өзгенің ақшасын заңсыз иемденіп алған күдікті жас жігіттің бас шарасы «қолхатта».

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға ескертеді. Өзіңізге ғана белгілі банктік кәртішкеңізді, есепшотыңыздың құпия сандарын ешкімге көрсетпеңіз, айтпаңыз, сенім білдірмеңіз. Ұры-қарының құрбаны болмау үшін барынша сақ болыңыз. Қазір тіпті телефон нөмірдің өзі алаяқтарға үлкен мүмкіндік береді. 

Егер сіз өзгенің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 телефоны арқылы хабарласыңыз.

image.png

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер