Мақтаарал АПБ-нің учаскелік полиция инспекторлары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау және ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекше бөліміндегі тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Шара барысында ағымдағы жылдың 7 айында жалпы нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 2866 құқықбұзушылық анықталса, өткен жылы бұл көрсеткіш 1840 болған.
Атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» - 76 құқықбұзушылық, 132-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру» бойынша - 6, 133-бабымен «Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы» - 3 құқықбұзушылық, 200-бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша - 14, 204-бабымен «Белгiленбеген орындарда сауда жасау»-263 құқықбұзушылық, 408-бабы «ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзуы» бойынша - 917, 434-бабымен «Ортақ пайдаланатын орындарды ластау» - 484, 437-бабы «Тыныштықты бұзу» бойынша - 44 құқықбұзушылық анықталған.
Ал 440-бабымен «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» - 298 құқықбұзушылық, 441-бабы «Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу» бойынша-91, 442-бабымен «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы» - 12 және 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша - 445 құқықбұзушылық тіркелген.
Осы тұста полиция қызметкерлері ескертеді: Жол жүру қағидаларын қатаң сақтаңыздар. Қандайда бір құқықбұзушылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөмірі арқылы полицейлерге хабарласыңыздар.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі