Түркістан полицейлерімен көші-қон заңнамасын бұзған 20-дан астам шетел азаматы анықталды

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасы негізінде республика көлемінде көші-қон саласындағы заңсыздықтарды анықтау, алдын алу бойынша Сарыағаштық полицейлер  аудан аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, Қазақстан Республикасы аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау болып табылады. 

image.png

Осы орайда Сарыағаш  АПБ көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен тиісті рейдтік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде Сарыағаш  ауданында ҚР ӘҚБтК-нің талаптарын бұзған жалпы  24  шетел азаматы анықталды. Қазіргі таңда 24-шетел азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы 5-бөлігімен «Заңсыз жұмыс жасағаны үшін» іс-құжаттар жинақталды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабының 1-бөлігімен «Шетел азаматтарын белгіленген мерзім ішінде уақытша тіркеуге қоймағаны үшін» 2 және , 519-баптың 1-бөлігімен «Шетел азаматтарын заңсыз жұмыс күшіне пайдаланғаны үшін» 2 ҚР-ның  азаматына  қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. 

image.png

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер