Түркістан облысының полицейлері заңсыз 3 бас ірі қара малын тасымалдаған көлік иесін анықтады

Созақ АПБ-ның полиция қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу  мақсатында күнделікті рейдтік жұмыстарды жүргізуде. Осындай шара барысында мал тасымалдайтын жүк көліктерін де тұрақты түрде тексеруде. Осы тұста тәртіп сақшылары өзінің басқаруындағы «Газ 3302-404» маркалы автокөлігімен мал тасымалдаған жергілікті тұрғынды тоқтатты. 

image.png

Тергеу барысында автокөліктің артқы бөлігінде 3 бас ірі қара малдың бары анықталды. Автокөлік жүргізушісі малдарды Шымкент қаласындағы мал базарға сатуға ветеринариялық ілеспе құжаттарынсыз тасымалдағаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша тіркеді. Және де тиісті іс-құжаттарды жинақтап, заңды шара қолдану үшін Созақ ауданының ветеринария қызметкерлеріне жолдады. 

Осы тұста полиция қызметкерлері тұрғындарға өз малдарына ие болуды ескертеді. Сонымен қатар малдарды сату не болмаса тасымалдау үшін, ветеринария қызметкерлерінен тиесілі анықтаманы алуды ұмытпаңыздар. 

image.png

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер