Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, Сарыағаш ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары рейдтік қызмет атқару кезінде, Сарыағаш көшесінің бойында күдік тудырған «ВАЗ-2105» авокөлігін тоқтатады. Содан жүргізушінің құжатын тексеру барысында бірнеше кемшіліктер анықталды. Яғни, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі «Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару» хаттамалар толтырылды.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары профилактикалық жұмыстар барысында азаматтардың қоғамдық орында темекі қалдығын жерге тастап ластағандары үшін 3 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 432 бабы «Медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпарат беру» бойынша хаттамалар түзілді.
Түркістан облысының полицейлері көлік жүргізушілеріне көлік құжаттарын заңды алып жүруге кеңес береді. Сонымен қатар тұрғындарды қоғамдық жерді ластамауға шақырады.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі