Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков: «Іске асырылып жатқан тың жобалардың арқасында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмысты болдырмау басты ұстанымымыз!!!»
- Іске асырылып жатқан тың жобалардың арқасында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмысты болдырмау басты ұстанымымыз!!! Үш жылға жуықтады Түркістан облысында туристерге туристік полиция қарқынды қызмет көрсетіп келеді. Басты мақсат елімізге келіп жатқан шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еліміздің имиджін арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау! Бүгінде аталмыш мақсатты жоғары деңгейде іске асырып, киелі мекенге келген туристерге мүмкіндігінше көмек көрсету мақсатында түрлі жобалар іске асырылуда. Солардың бірі «SOS» батырмасы! Яғни қауіпке тап болған еліміздің азаматы не болмаса кез келген турист бірден батырмаға қолын апарып басып, орын алған жайт бойынша хабар бере алады. Арнайы хабарлама тікелей полиция қызметкерлерінің жедел желісіне түседі. Оператор бірден жақын маңдағы полиция қызметкерін көмек қажет орынға бағыттап, қылмыс пен тәртіпсіздіктің алдын алады. Мұндай жобалар өз кезегінде туристерге жайлылық пен қауіпсіздіктің қамтамасыз етілгенін білдіреді. Әрі туристер үшін жағдай жасалып жатса, онда болашақта олардың саны одан әрі де артып, еліміз алға дами береді деген сөз, - дейді Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.