Түркістан облысының полицейлері туысының қойын жымқырған жас жігітті ұстады

Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, жайылымнан 1 бас қойы мен қозысын белгісіз біреу ұрлап кеткенін жеткізеді. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 70 000 теңгені құрады.

image.png

Өзіне бекітілген аумақта мал ұрлығы болғандықтан Арыс АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ғалымжан Бижанов, бірден ұрыны ұстауға кірісті. Қажетті шаралар ды жүргізді. Куәгерлерден жауап алды. Мал таситын көліктерді мұқият тексерді. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде, келіп түскен ақпарат көздері арқылы ұрыны ізін суытпай сол күні анықтап ұстады. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын, жәбірленушінің алыс туысы болып шықты.

Белгілі болғандай күдікті мал бағып жүріп, өзінің пайдасы үшін өзгенің қойын жымқырып, қылмыстық ойын іске асырған. Содан ұрланған қой мен қозыны 45 000 теңгеге басқа ауылдасына сатып жіберген. Ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген. Тәртіп сақшылары қойларды айғақты зат ретінде тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Бас шарасы «келу туралы міндеттеме».

Сондықтан полицейлер облыс тұрғындарына ескертеді: малдарыңызды жайылымдарда қараусыз қалдырмаңыздар. Қора-қопсыны мықтап қоршап, малды жайылымға жіберер кезде сенімді адамға тапсырыңыз! Үй жануарларын дер кезінде таңбалап, сырғалаңыз! Ұрының сіздің салғырттығыңызды пайдаланып, малыңызды иемденіп кетуіне мүмкіндік бермеңіз.

image.png

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер