Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданды. Оны сырттай танысы мүгедектікке шығарып беремін деп, сеніміне кірген. Осылайша алақтық жолмен 160 000 теңге ақшасын алып, 3 жылдан бері алдап келген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Тәртіп сақшылары хабар түсісімен бірден іске кірісті. Күдікті әйелді табу үшін жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары атқарған жедел шаралардың нәтижесінде, алаяқтық жайтына қатысы бар Түркістан қаласының әйел тұрғыны ұсталды.
Белгілі болғандай күдікті әйел өз арам ойын іске асыру үшін танысын мүгедектікке шығарып беремін деген жалған уәдесімен сендіріп, ақшасын алған. Осыдан соң уәде орындалмай, не ақша қайтарылмай 3 жыл бойы жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Сонымен қатар күдікті әйел мемлекет тарапынан берілетін үй кезегінде тұрған танысында қоса алдаған. Оған кезек нөмірін алға жылжытып беремін деп, 500 000 теңге ақшасын алып алған. Алайда не үй кезегін жылжытпай, не ақшасын қайтармай қойған. Осылайша алаяқтың қармағына түскен күдікті полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Бүгінде аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.
Облыс полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады! Сондай-ақ есте сақтаңыз, сіз ешкімге жеке басыңызға қатысты мәліметті беруге немесе айтуға міндетті емессіз! Әрбір мәселені заңсыз жолмен емес, тек заң шеңберінде шешуге дағдыланыңыз!
ТО ПД-нің баспасөз қызметі