Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған жылқыларын тауып беріп, алғысын алды

Шардара АПБ-ға жергілікті тұрғын  арызданып келген. Оның  айтуынша  жайылымда жүрген 6 бас жылқысының жоғалып кеткенін айтып көрсеткен. 

image.png

Полиция қызметкерлері аталған жайтты бірден  тіркеуге, алып іздестіру жұмыстарын бастап кетті.  Сондай-ақ учаскелік полицейлер  айналаны бір шолып шығып, жоғалған 6 бас жылқыны табуға бағытталған барлық жұмыстарды атқарды. Куәгерлерден жауап алып, алыс-жақын жердегі жайылымдық жерлерді тексерді. Осылайша жүргізілген тыңғылықты іс-шаралардың нәтижесінде, жоғалған жылқылар 10 шақырым жердегі  жайылымда жайылып жүрген жерінен табылды. Осы тұста малдарының аман-есен табылғанына риза болған малдың иесі, полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын жеткізді.

- «Менің жоғалған жылқыларымды  тауып берген барлық полицейлерге алғысымды айтамын. Күні-түні малымды іздеген полиция қызметкерлері еңбектеріңіз елене берсін»!, - деді жергілікті тұрғын.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындарға, мал иелеріне төрт түлікті қараусыз қалдырмау керектігін айтады. Малдарды міндетті түрде ен немесе таңба салып, шаруашылықты мықтап бекітіп, жайылымдағы малдарға қойшы жалдап сақтану керектігін ескертеді. Мал ұрланып немесе жоғалып кеткен сәттерде, бірден полицияның 102 нөміріне қоңырау шалуы қажет.

image.png

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер