Түркістан облысының полицейлері қалта ұрысын ұстады

Шардара АПБ-ға  жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында сауда дүкеніне сауда жасауға барған сәтінде  қолсөмкесінің ішінде ұялы телефонымен ақшасының жоқтығын көрген. Содан әйел қалта ұрыларының қолды еткенін сезіп, бірден полиция бөліміне  арызданған. Жәбірленуші әйелге келтірілген шығынның көлемі 100 000 теңгеге жуық.

image.png

Оқиғаны полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Шардара АПБ полицейлерінен арнайы  жедел уәкілдер тобы құрылып,  ұрлық қылмысын ашуға жүйелі түрде іске кірісті. Соның нәтижесінде Шардара  КПБ-нің жедел уәкілдері полиция капитаны Мұхтар  Боранбаев пен полиция аға лейтенанты  Бақберген  Оңалбай күдікті ретінде жергілікті тұрғын әйелді анықтап полиция бөліміне жеткізді. 

Белгілі болғандай орта жастағы күдікті әйел өз қылмысын толықтай мойындады. Сондай-ақ қолды болған заттар заңды иесіне қайтарылды.  Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Шардаралық полицейлерге жәбірленуші әйел шұғыл әрекет етіп, күдіктіні анықтағаны үшін үлкен алғысын білдірді.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер