Түркістан полицейлері алаяқтық жолмен тұрғынның ақшасын алған күдікті әйелді анықтады

Шардара АПБ-ға алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оны әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп жүрген сырттай танысы ақша салсаң сол ақшаны  3 күн ішінде 30 пайызға  көбейтіп беремін деп алдаған. Осылайша алаяқтық жолмен ақшасының еселеніп қайтатынына сендіріп, өзінің есепшот нөміріне 1000 000 теңге ақша аудартып, қайтармай қойған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. 

image.png

Осындай алаяқтық жолмен тұрғынды алдап, өзінің құрығына түсірген алаяқ әйелді ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Куәгерлерден жауаптар алынды.  Күдіктінің баруы  мүмкін деген жерлер мұқият тексерілді. 

Осылайша жедел-профилактикалық іс-шара барысында, ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталды. Тәртіп сақшылары алаяқты өзінің тұрғылықты үйінен тауып, Шардара АПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті  тұрғын орта жастағы әйел  болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әйелдің бас шарасы қолхатта. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардың айласына алданбай, барынша абай болуды ескертеді. Ақшаңызды, банк кәртішкеңіздің құпия сандарын ешкімге айтпауға және бермеуге кеңес береді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер