Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғынның бірінен хабарлама келіп түскен. Онда ауыл тұрғынының бірі өз үйінде есірткі затын сататыны туралы көрсетілген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Осы хабарлама бойынша оқиға орнына Ордабасы АПБ-нің жедел-тергеу тобы шықты. Мұқият жүргізілген тексеру жұмыстары барысында күдікке ілінген тұрғынның үйін тінтіп, ауласындағы сарай ішінен 2 литрлік банкінің ішіне қағазға оралып салынған есірткіге ұқсас хош иісті затты тапты. Аталған затқа медициналық сараптама тағайындалып, зерттеудің қорытындысына сәйкес граммға жуық «кептірілген марихуана» екендігі анықталды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдікті азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтардың жат әдеттерден сақтанып, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануы керектігін ескертеді. Ал, денсаулығына зиян келтіретін заттарды (ішімдік, есірткі, құмар ойындар) қолдан өз өмірімен қатар қоғамға да кесірін тигізеді.
Сондай-ақ, заң алдында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі