Еліміздің екі бірдей облысында 7 ұрлық жасаған әйелді Түркістанның полицейлері ұстады

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, қалта ұрысының құрбаны болғанын жеткізді. Әйелдің айтуынша, ол күндізгі уақытта Түркістан қаласында орналасқан сұлулық салондарының бірінің  қызметін алуға барған. Содан арадан біршама уақыт өткенде қасында тұрған қолсөмкесін таппай қалған. Сөмкенің ішінде тұрғынның  200 000 теңгеге жуық ақшасы мен құны 170 000 теңге тұратын «Samsung A11» маркалы ұялы телефоны болған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

image.png

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында қалалық полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде күдіктінің ұрлық жасаған сәтіндегі бейнежазба анықталды. Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен аудан, қалалық полиция бөлім, басқарма полицейлері бірлесіп атқарған жан-жақты тексеру жұмыстарының арқасында,  3 тәулікте күдікті әйел Шымкент қаласында өзінің тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Ол бұрын сотты болған, жұмыссыз шымкенттік  әйел болып шықты.

Анықталғандай, күдікті әйел өзінің бұрынғы соттылығына қарамастан, жеке мүддесі үшін өзгенің мүлкіне қол сұққан. Яғни, қолсөмке иесінің қарамай тұрғанын пайдаланып, өзінің теріс әрекетін жасаған. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдіктінің Түркістан қаласында жалпы 3 жайт, Жетісай ауданында 2 жайт, Қызылорда облысында тағы 2 жайт қалта ұрлығы қылмысына қатысы барын анықтады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Өз кезегінде тұрғын ойда-жоқта әмиянынан айырылып, оны қырағылықтарының арқасында қайта тауып берген полицейлерге шынайы ризашылығын жеткізді.

Түркістан облысының полицейлері ескертеді, әмияныңызға, бағалы заттарыңызға, ұялы телефоныңызға барынша сақ болыңыз. Заттарыңызды көзге көрінетіндей жерде, ашық қалталарда сақтамаңыз. Егер, сіз де, ұрлық қылмысының құрбаны не куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз. 

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер