Түркістан облысының полицейлері заңсыз мал тасымалдаған 20-ға жуық автокөлік иесін анықтады

Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік жұмыстарды жүргізуде. Осындай шара барысында мал тасымалдайтын жүк көліктерін де тұрақты түрде тексеруде. Осы тұста тәртіп сақшылары өзінің басқаруындағы  20-ға  жуық мал тасымалдайтын автокөлікті тоқтатты. 

image.png

Тексеру барысында сарыағаштық полицейлер   жүргізушілердің ешбір құжатсыз мал тасымалдап жатқандарын  анықтады.  

Мәселен осындай рейдтік жұмыстар кезінде Сарыағаш қаласының маңызды жолдарының бірінде «Газель» көлігін тоқтатады. Көлікті тексергенде заңсыз және құжатсыз тасымалданған 2 бас сиыр мен 1 бас бұзауды анықтап, оған қатысты құжаттарды жинақтайды. Осылайша автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабымен «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» тиісті іс-құжаттар жинақталып, заңды шара қолдану үшін Сарыағаш  ауданының ветеринариясына жолданды.

Сонымен қатар дәл осы бап бойынша Сарыағаш АПБ-ның полицейлерімен 20-ға жуық автокөлік анықталып, заңды шара көрілді. 

Осы тұста полиция қызметкерлері тұрғындарға өз малдарына ие болуды ескертеді. Сондай-ақ малдарды сату не болмаса тасымалдау үшін, ветеринария қызметкерлерінен тиесілі анықтаманы алуды ұмытпаңыздар.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер