Түркістан облысында учаскелік инспектор жанармай бекетінің қызметкерінен марихуана тәркіледі

Созақ АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторынан есірткі заттарын сақтаудағы күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Белгілі болғандай өзіне бекітілген аумақта қызметін атқарған полиция майоры К.Бурышов ауданның тұрғынын марихуанамен көргені туралы жедел ақпарат алады.

image.png

Күдікті жұмыс істеп жатқан жанармай бекетінің біріне барған учаскелік полицей байқампаздығының арқасында өзіне тән иісі бар есірткі заты салынған түйіншекті тауып алады. Алынған заттай дәлелдемелерді бірден сараптамаға жібереді. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткі затының жалпы салмағы 2 грамнан асатын "марихуана" болып шығады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Күдікті қолхатта. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарының заңсыз сақталуы мен айналымына байланысты қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. 

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер