Түркістан облысында жайылымнан жылқы ұрлап сатқан күдікті ұсталды

Төлеби   аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның жайылымда қараусыз жайылып жүрген  2 бас  жылқысы мен құлынын белгісіз біреу ұрлап кетіп,  1 миллион 200 мың  теңгеге жуық шығын келтірген. Аталған жайтты полицейлер бірден ҚК 188-1-бабы, яғни «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алып, іздестіру жұмыстарына кірісті. Осы мал ұрлығы қылмыстарын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында төлебилік  қырағы полицейлерден жедел-терегу тобы құрылды. 

image.png

Полицейлер көрген-білгендерден жауап алып, жақын аумақтарды тыңғылықты қарап шықты. Мал базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді мұқият тексерді. Жан-жақты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, ұрланған жылқының бірі мал базарда сатылып тұрған жерінен анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны  мал бағумен айналысатын тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары күдіктіні бірден ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Белгілі болғандай күдікті ер азаматтың жоғарыдағы екі мал ұрлығына  қатысы бары белгілі болды. Ол жылқылардың жайылымда қараусыз жүргенін пайдаланып айдап әкетіп, өзінің қорасына жасырған. Содан мал сатумен айналысатындарға арзан бағаға сатып жіберген. Түскен ақшаны бас пайдасына жұмсаған. 

Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғындарына қырағы болып, малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Шаруашылық аулалар мен қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтып, құлыптар мен жарық орнату қажет. Сондай-ақ үй малына ен-таңба салдырып, бақташы жалдау керек. Егер, сіз, мал ұрлығының құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыз!

ТО ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер