Түркістан облысының полицейлері заңсыз аңшылықты анықтады

Арыс аудандық ПБ-нің қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын қарқынды іске асыруда. Арыстық табиғатты қорғау полицейлері кезекті рейд жұмыстары аясында, «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесе отырып, шұғыл іс-шараларды ұйымдастырды. Соның нәтижесінде Жиделі ауылының құмды жерінде заңсыз аң аулаушы ұсталды. Күдікті жергілікті тұрғын болып шықты. Одан айғақты зат ретінде еш жерде тіркелмеген 1 дана аңшы мылтығы, 1 дана заңсыз атылған қоян мен 1 дана "Қызыл кітапқа"  енгізілген қарақұйрықтың денесі тәркіленіп алынды. 

image.png

ҚР ІІМ тіркелмеген қаруды пайдалану арқылы заңсыз аң аулауға шыққан күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы «Заңсыз аңшылықпен» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 11-қазан мен 11-қараша күндері аралығында Түркістан облысы аумағында "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты табиғатты қорғау заңнамасы, заңсыз аң аулау, балық аулау, ағаш кесу, объектілер мен биологиялық ресурстар өнімдерінің заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу болып табылады. Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады, сондай-ақ заңды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады. 

ТО ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер