Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, көмек сұраған. Ер азаматтың айтуынша, Ордабасы ауданы Бөген ауылының батыс беткейіндегі егістік алқапта жүрген 27 бас жылқысы белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Аяқ асты жоғалған жылқыларын табу үшін мал иесі, полицейлерден көмек сұрады.
Аталған ақпаратты алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Полицейлер айналаны толық шолып шығып, жоғалған ірі қара малдарды табуға бағытталған барлық қажетті жұмыстарды атқарды. Сондай-ақ үй малын таситын автокөліктерді тексерді. Осылайша іздестіру жұмыстары үзіліссіз жүргізілді. Соның нәтижесінде, жоғалған жылқылар небары 2 күн ішінде жайылымдық жерден табылды. Жоғалған жылқылар 5-6 үйірге бөлініп, әрқайсысы әр жерге кеткен. Оған қарамастан полиция қызметкерлері барлық жылқыларды аман-есен тауып, егесіне қайтарды. Өз кезегінде малдарының табылғанына қуанған егесі полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын жеткізді:
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындарға, мал иелеріне төрт түлікті мүлдем қараусыз қалдырмау керектігін айтады. Төрт түлікке ен-таңбасын салдырып, шаруашылықты мықтап бекітіп, жайылымдағы малдарға сенімді бақташы жалдау керектігін ескертеді. Малыңыз ұрланса немесе жоғалса бірден полицияның 102 нөміріне хабарласу қажет.
ТО ПД баспасөз қызметі