Құжатсыз мал тасу заңмен жазаланады

Түркістан облысында 1 күнде заңсыз мал тасымалдаған 6 автокөлік анықталды. Бұл туралы Полиция депатраментінің баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен мал ұрлығын алдын алу мақсатында жоспарға сәйкес профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Тәртіп сақшыларының күнделікті атқарып отырған жұмыстарының нәтижесінде жалпы үй жануарларын таситын 34 автокөлік тоқтатылып, тексеру жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 6 жүк көлігінің жүргізушісі ірі қара және уақ малдарын ешбір құжатсыз тасымалдап жатқаны анықталған. Мысалы, «Газель» маркалы жүк көлігі 6 бас қойды сату мақсатында мал базарға заңсыз тасымалдаса, ал «Мерседес Бенс» маркалы жүк көлігі 20 бас қойды тасымалдаған. 

Полиция қызметкерлері аталған көлік иелеріне қатысты ӘҚБтК 406-бабы, яғни «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша хаттама түзді. Сонымен қатар жинақталған іс-құжаттарды заңды шешім қабылдау мақсатында тиісті орынға жолдады. 

Сарыағаш ауданының полицейлері мұндай рейдтік іс-шаралар жиі өткізіліп тұратындығы туралы хабарлайды. Сондай-ақ мал ұстаушы аудан тұрғындарына келеңсіз жағдайлар орын алмас үшін, өз жеке меншік малдарының қараусыз немесе бақташысыз жүрмеуін қадағалауды және ветеринарлық құжат рәсімдеп, түгел таңбалап сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер