Түркістан облысында террор жасауға шақырған тұрғын ұсталды

Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқаны тұрғын ұсталды. Бұл туралы Полиция депатраментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері деструктивті-діни ағымның идеологиясын насихаттайтын экстремистік сипаттағы бейнероликтер мен басқа да материалдарды орналастыру деректерін анықтады. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында экстремистік материалдарды таратқан Арыс қаласының тұрғыны жас жігітті анықтап, ұстады. Тінту барысында ұсталған адамнан діни сипаттағы аудио жазбалары бар ұялы телефондар, тыйым салынған діни әдебиеттер және өзі жазған парақтар алынды. 

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 256-бабы "Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру" бойынша тіркеді. Ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. 

Өз кезегінде Түркістан облысы Полиция департаменті азаматтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми интернет-ресурстарындағы әдебиеттер мен материалдарды басшылыққа алып, жеке басының қауіпсіздігі мақсатында әлеуметтік желілердегі күмәнді сайттар мен топтарға кірмеу керектігін ескертеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер