Зейнеткер 1,5 келіден астам көкнармен ұсталды

Түркістан облысының  полицейлері зейнеткерден 1,5 келіден астам көкнар тәркіледі. Бұл туралы Полиция депатраментінің баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

«Қарасора – 2021», «Рефлекс – 2021» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында ТО ПД ЕҚҚІҚБ-ның полицейлері есірткіні заңсыз сақтау, сату қылмысына күдікті ретінде Келес ауданының тұрғынын қолға түсірді. Жедел ақпарат арқылы ұсталған егде жастағы ер адамның үйін тінту кезінде, оның ауласындағы қорасынан пакетке салынған есірткі затына ұқсас  өсімдік табылды. Тәркілеп алынған затқа сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес заттың салмағы 1,5 келіден асатын «көкнар» болып шықты.

Аталған жайт ҚК 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары күдікті зейнеткердің аталған есірткі затын не үшін сақтағандығын анықтау үстінде.

Түркістан облысы полицейлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің егістіктерін анықтау және жою, есірткілерді және басқа да тыйым салынған заттарды сақтаумен және өткізумен айналысатын адамдарды ұстау бағытында жан-жақты жұмыс жүргізуде. Сондықтан ең басты байлығыңыз – өміріңізді құртатын затты қолданбаңыз! Оны сақтап өткізуге жол жоқ!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер