Түркістан облысында шекара бұзған шетелдік ұсталды

orig-102-1635182854.jpeg

Түркістан облысы  Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз кіріп кеткен шетелдік  ұсталды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлері аудан аумағындағы шетелдіктердің тиісті құқық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, Қазақстан Республикасы аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау мақсатында жедел-профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады.

Осындай шара барысында Сарыағаш ауданы Жемісті ауылына қарасты «Бағыс»  айналма тас жолы арқылы Қазақстан аумағына заңсыз кіріп кеткен Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 392-бабы «Қазақстан Республикасының  Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-профилактикалық шараларының нәтижесінде аталған азаматтың  жұмыс жасау мақсатында жүргені анықталып, Сарыағаш АПБ-ға жеткізілді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары  жүргізілуде.  

Түркістан облысының полицейлері көші-қон заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында жазылған талаптарға қатысты құқықбұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер