Түркістан облысының полицейлері танысының 1 млн 500 мың теңгесін алдап алған азаматты ұстады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кентау қалалық ПБ-ға кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінен хабар түскен. Жәбірленуші әйелдің айтуынша өзінің алыс танысы жаңадан бой көтеріп жатқан көпқабатты үйден пәтер алып беремін деп алдаған. Осылайша 1 млн 500 мың теңгесін алаяқтық жолмен алып алған. Аталған деректі полицейлер ҚК 190-бабы, яғни «Алаяқтық» қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркеді.
Орын алған алаяқтық қылмысын тез арада ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында ауданның қырағы полицейлерінен арнайы топ құрылып, жұмыс жасалды. Нәтижесінде полицейлер, күдікті ер адамды ұстап, бөлімшеге жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жақын таныс емес адамдарға сенбеу керектігін ескертеді. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.