Заңды білмеу қылмыстық жауаптылықтан босатпайды

48212362-e67e-4bc5-8976-c58a0d64e773.jpg

Түркістан облысында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша арнайы іс-шаралар өткізілуде. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Заң талабы» құқық қорғау орталығы» Қоғамдық бірлестігі Шеврон компаниясы мен Орталық Азия Еуразия Қорының қаржылық қолдауымен шұғыл көмек көрсету бағдарламасы аясында «Түркістан облысының ауылдық аудандарында әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жою» жобасын іске асыру бастау алған. Жоба аясында әйелдерге тегін заңгерлік және психологиялық көмек көрсету, құқықтық сауаттылықтарын арттыру бойынша «Әйелдер құқығы-бұл адам құқығы» жазғы мектебін өткізу, агрессор ерлерге арналған психологиялық оңалту бағдарламасын көрсету, Түркістан облысының 7 ауданы бойынша ауқымды ақпараттық науқан өткізу мақсат етілген.                                           

Мәселен Ордабасы, Қазығұрт, Сайрам аудандарында әйелдер қауымының отбасында жәбір көрмеуін қамтамасыз ету мақсатында бірнеше іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар Келес аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Э.Есенкулова, «Заң талабы» құқық қорғау орталығының қызметкерлері, Келес ауданының «Әжелер алқасының төрайымы» Ә.Әзімқұлова, Келес ауданы Ішкі саясат мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, білім беру ұйымының педагогтары, отбасында зорлық зомбылық әрекеттерін көрген азаматшалардың қатысуында қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған семинар-тренинг өткізді. Аталған іс-шара барысында тиісті мамандар мен полиция инспекторлары отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, болдырмау, олардың себеп-салдарын анықтау тақырыптарында әйелдермен еркін әңгіме, сұхбат өткізді. Зорлық көрсеткен тұлғаға қатысты жауапкершілік қарастырылғанын кеңінен түсіндірді.

Іс-шара соңы полиция қызметкерлерінің, қоғам үшін ең бастысы-тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым-қайғысыз өмір сүру. Ал оның кепілі-заңдылық. Заң бәріне бірдей, «Заңды білмеу қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды» деген сөзімен қорытындыланды. Өз кезегінде іс-шараға қатысушыларға қандай да бір тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болса полицияға бірден хабарласу ескертілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер