Саты ұрлап сатып ұсталды

238f5cc7-eb43-43f1-876a-16a0bc87c507.jpg

Түркістан облысының полицейлері көршісінің құрылыс сатысын ұрлаған күдікті ер азаматты ұстады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазығұрт ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азамат үйінің ауласында тұрған екі құрылыс сатысын белгісіз біреудің ұрлап кетіп, жалпы 70 000 теңге шығын келтіргенін көрсеткен. Аталған дерек ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Полиция қызметкерлері хабар алысымен істің мән жайын анықтау мақсатында оқиға орнына жедел жетті. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Соның нәтижесінде күдіктінің тұрғылықты мекенжайы анықталып, үйінен ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті азамат таңғы сағат 08:30  шамасында көршісінің үйіне кіріп, құрылыс сатыларын жымқырып кеткен. Содан соң оны танысының біріне сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған.

Түркістан облысы полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін, сауда орындарына, ғимараттарға бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар дүкенді ашық күйде қалдырмай, есік-терезелердің жабылғанына толық көз жеткізіп алуды ескертеді. Ұрлық орын алған сәтте, тез арада полицияның «102» телефоны арқылы хабарласыңыздар!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер