Полицейлер жоғалған 5 жылқыны иесіне тауып берді

464f574e-3865-4041-a6f3-3bd477978e4b.jpg

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған 5 бас жылқысын тауып берді. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мақтаарал ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын 5 бас жылқысының жоғалып кеткендігі туралы хабарласқан. Ол жылқыларының Мақтаарал ауданы Ынталы ауылына қарасты егістік алқапта жайылымға жібергенін, оларды іздеп барғанында сол аймақтан таба алмағандығын айтып көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 2 млн теңгеден астам.

Полиция қызметкерлері аталған хабарлама бойынша жедел іздеуге кірісті. Ауыл аймақтарын, егістік алқаптарын, бақташылардың жылқы баптайтын жерлерінің барлығын толық тексеріп шықты. Жүргізілген іздестіру іс-шаралардың нәтижесінде, жоғалған 5 бас жылқы көрші ауылдан табылды. Осылайша тәртіп сақшылары жоғалған жылқыларды тауып, өз иесіне табыстады.

Жылқыларының табылғанына риза болған иесі, полиция қызметкерлерінің атқарған қызметтеріне шынайы ризашылығын білдірді. «Менің кешкі уақытта 5 бас жылқым жоғалды.  Өз бетімше іздеп таба алмағаннан соң, полицейлерге хабарласып, көмек сұрадым. Олар 1 тәулікке жетпей, жылқыларымды түгел тауып берді. Жергілікті полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Рақметімді айтамын!».

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарын қырағы болуға және жайылымдар мен қораларда малдарын қараусыз тастамауды ескертеді. Мал ұрланып немесе жоғалған жағдайда, ізін суытпай мал ұрысын табу үшін, полицияның «102» нөмірі арқылы қоңырау соғу керек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер