Полицейлер зауытты шығынға батырған директорды ұстады

68a34584-fd83-4a60-b5d4-c52d25d32bf6.jpg

Түркістан облысының полицейлері зауытқа 80 млн теңгеге жуық шығын келтірген бұрынғы директорды ұстады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кентау қалалық ПБ-ға зауыттардың бірінен хабарлама келіп түскен. Онда аталған мекеменің бұрынғы директоры зауытқа тиесілі техникаларды сатып, ақшасын өз қалтасына басқанын көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 80 млн теңгеге жуық. Аталған дерек ҚК 189-бабы, яғни  «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді.

Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысты күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстардың барлығын жүргізді. Нәтижесінде күдікті азамат Алматы қаласынан ұсталды. Полиция қызметкерлері күдіктіні бірден ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдікті ер азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті ер азамат өзінің қызметін асыра пайдалана отырып, зауытқа тиесілі 6 бірдей техниканы сатып жіберген. Ал ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Содан соң Алматы қаласында бой тасалап жүрген. Алайда полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында күдікті аз уақыттың ішінде ұсталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер