Сотталған мас тұрғын көлік жүргізе алмайды

Түркістан облысында мас күйінде көлік жүргізген тұрғын өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.

image.png

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің тапсырмасына сәйкес, әр аптаның демалыс күндері облыстың барлық аудан-қала көшелерінде, республикалық маңызы бар тас жол бойында жол жүрісі ережесінің сақталуын қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қатаңдатылған рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Осындай кезекті патрульдеу кезінде Жетісай АПБ-нің қызметкерлері мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады. Яғни учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Бекжан Каримов Жетісай ауданы ауылдарының бірінде сағат 19:30 шамасында «Opel Vectra» маркалы көлік құралын басқарып келе жақан жүргізушінің жол жиегіне шығып кеткенін көріп қалып, бірден тоқтатады. Құжаттарын тексеру кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішкеніне күдік келтіріліп, тез арада қажетті іс-шаралар атқарылады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізушінің "орта дәрежеде" мас болғаны белгілі болады. Бұдан басқа, жүргізушінің көлік жүргізу куәлігі жоқ болып шықты. Анықталғандай, жүргізуші 2019 жылдың сәуір айында Қызылорда облысы Қазалы ауданының сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша автокөлік жүргізу құқығынан бес жылға айырылған.

Дегенмен жүргізушіге көлік құралын басқаруға тыйым салынғанына қарамастан қайта рульге отырған әрі ішімдік ішкен. Осыған байланысты аталған жайт ҚР ҚК-нің 346-бабымен "Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамды көлік құралын жүргізуге жіберу" тіркелді. 

Нәтижесінде 26 жастағы жергілікті тұрғын автокөлігін екінші рет мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Сот оған бір жылға бас бостандығынан және өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. 

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Мас күйінде көлікке отырудың қажеті жоқ, бұл әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылу қатерін төндіріп қана қоймай, ең алдымен жүргізушінің және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өміріне қауіп төндіреді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер