Түркістан облысында 10-нан астам "SOS" батырмасы жұмыс істейді

Түркістан облысында 10-нан астам "SOS" батырмасы жұмыс істеп тұр. Бұл жайында полиция полковнигі Алмас Тастанбеков жеткізді. 

image.png

Түркістан облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы апта сайын брифинг өткізілуде. Онда ПД-нің әрбір салалық құрылым басшылары тікелей эфирге шығып, өздерінің басқарма, бөлім қызметкерлерімен атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларын ашық, әрі нақты айтып өтуде. Осы аптада «Полицияның сервистік моделі қауіпсіздікті нығайтудың негізі» тақырыбында Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Алмас Тастанбеков атқарылған жұмыстарды баяндады. Тікелей эфирді 200-ге жуық желі қолданушысы қарады.

Полиция полковнигі А.Тастанбеков «Түркістан облысы - еліміздің басқа да қалаларынан, одан бөлек алыс-жақын шетелдерден туристер көп келетін туристік аймақ болып саналады. Осы орайда полицияның сервистік моделіне көшу басты назарда. Полицияның жергілікті тұрғындарға қолжетімді болуы үшін арнайы жоспарлар, бағдарламалар іске асырылуда. Мәселен, адамдар көп шоғырланатын аймақтарға заманауи талапқа сай 13 стационарлық модульдік пункт орнатылып, тәуліктеп қызмет көрсетіп тұр. Бұл бекеттердің ерекшелігі осында, бейнебақылау камераларымен жабдықталып, Жедел-басқару орталығына қосылған. Оған қоса әрбір полиция басқарма, бөлімдер жанынан халықтық кеңселер ашылған. Мұнда кез-келген тұрғын келіп, кезексіз өз сауалына, мәселесіне жауап ала алады»,-деп атап өтті.

Эфир кезінде полиция полковнигі А.Тастанбековке тақырыптан бөлек  сауалдар қойылды. Дегенмен "жұртқа жақын полиция қағидатын" бірінші орынға қоятын полковник, барлық сұрақтарға тоқталып, жауап берді. Түркістан облысының тұрғындарына қолжетімді полиция қағидатын қалыптастыру үшін мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылатынын айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер