Сора өсіріп сотталды

Түркістан облысында сора өсірген тұрғын бас бостандығынан шектелді. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

1591685489_esirtki.jpg

Жетісай ауданы ПБ-ға тұрғынның бірі есірткі затына ұқсас өсімдіктерді баптап өсіріп жатқандығы туралы хабарлама түседі. Ақпарат алысымен Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тез арада іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізді. 

Полиция қызметкерлері заңмен тыйым салынған өсімдікті егумен айналысатын тұрғынды анықтауға бірден кірісті. Жан-жақты жүргізілген жедел-шаралардың нәтижесінде күдікті тұрғынның жеке басы мен мекенжайы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. 

Күдікті ер адам үйінің ауласында есірткі еккен. Аталған ауладан 4 түп есірткі өсімдігі тәркіленді. Сондай-ақ айғақты зат ретінде алынған өсімдіктерге сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды. Сараптама нәтижесімен алынған түптер жалпы салмағы 404 грамм шығатын «сора» есірткі заты болып шықты. Полицейлер аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттарды заңды шешім қабылдау мақсатында Жетісай аудандық сотына жолдады. Сот күдікті ер азаматты ҚК 300-бабы бойынша кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартуға үкім шығарды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері заңсыз, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді еккені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Оған қоса тәртіп сақшылары есірткінің қоғам дерті екендігін ұмытпай, оны өсіріп, қолданып, тасымалдағандармен күресуді күшейтуде. Сондықтан Сіз, есірткі бойынша қандай да бір ақпараттарды білсеңіз бірден полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз. Бұл өз кезегінде есірткіге байланысты қылмыстардың азаюы мен жолын кесуге септігін тигізеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер