Сарыағашта 300 адамға хаттама толтырылды

Сарыағаш ауданында жыл басынан бері 300-ге жуық азаматқа әкімшілік хаттама түзілген. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

Сарыағаш ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері  Сарыағаш ауданының бірнеше ауылдарында ауыл әкімдерімен бірлесіп, арнайы іс-шара ұйымдастырды. Рейд кезінде полицейлер аудан төңірегіндегі мал бағатын қожалықтарды, үйлерді аралап, таңбалау-сырғалау жұмыстарын қадағалап  құжаттарын тексерді.  Сонымен қатар ауылдар мен аудан аралығындағы жол қатынастарында мал тасымалдаушы көліктерді тексеріп, нәтижесінде «Газель» маркалы автокөлігімен ветеринарлық куәліксіз, құжатсыз 4 бас жылқыны  заңсыз тасымалдаған жүргізушіні анықтады. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша құжаттар  жинақтап, әкімшілік шара қолдану мақсатында аудандық ветеринарлық инспекцияға жолдады.

Жалпы жыл басынан бері Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлерімен ӘҚБтК-нің  406-бабы,   яғни «ҚР-ның ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша 300-ге жуық  құқық бұзушылық анықталған. 

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы көбіне тұрғындардың салғырттығы салдарынан болатынын айтады. 

Сондай-ақ мал ұстаушы аудан тұрғындарына келеңсіз жағдайлар орын алмас үшін, өз жеке меншік малдарының қараусыз немесе бақташысыз жүрмеуін қадағалауды және ветеринарлық құжат рәсімдеп, түгел таңбалап сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер