14 пәтер тонаған ұры ұсталды

Түркістан қаласының полицейлері 14 пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын пәтер ұрлығы туралы арызданған. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның үйіне терезе арқылы белгісіз біреу кіріп, құны 100 мың теңге тұратын тігін машинасын ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркелді. Ұрлықты ашу мақсатында түркістандық тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан сұрастырды. Сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді.

Біршама уақыттардан кейін жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды құрықтады. Тергеу барысында күдіктінің осындай 14 пәтер ұрлығын жасағаны анықталды. Қолды болған заттардың барлығы айғақты зат ретінде тәркіленіп алынып, заңды иелеріне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Күдікті қамауға алынды. 

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сіздің мүлігіңізге қылмыстық қол сұғушылықты болдырмау үшін терезелер мен есіктерді темір торлармен және сенімді құлыптармен бекіту керек. Үйден шықсаңыз, тіпті аз уақытқа болсын сыртқы есіктер мен терезелерін сенімді жауып жүріңіз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер