Шекарада есірткімен ұсталған күдікті 600 мыңдай айыппұл төлейді

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған күдіктіге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

Сарыағаш ауданы ПБ кезекші бөліміне "Жібек жолы" шекара бекетінде есірткі контрабандасының жайты анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер өткізу пунктінен өту кезінде азаматтардың бірінен «Имерек» атты қызметтік ит белгі берген. 

Жедел уәкілдер күдіктіні, Атырау қаласының тұрғынын тінту кезінде шалбарынң қалтасынан есірткі затына ұқсас затты тауып, тәркілеп алды. Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік тектес зат салмағы 1 грамға жуық "гашиш" болып шықты. 

Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабымен " Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы"  іс-құжаттар жинақталып, Сарыағаш аудандық сотына жолданды. Бүгінгі таңда сот ер азаматты аталған бап бойынша кінәлі деп танып, 583 мың 400 теңге айыппұл салды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, өткізгені, өсіргені және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Егер, сізде, есірткінің заңсыз айналымына байланысты деректер туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, тез арада полицияға 102 телефоны бойынша хабарласыңыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер