Әйелдерді қорғайтын полицейлер білімдерін арттыруда

201013071856568e.jpg

Түркістан облысы Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері тікелей осы салағақатысты мекемелермен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасына бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлады. Оның ішінде 8-12 қараша күндері аралығында полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқыту тренингі өткізілуде. Оқытуды БҰҰ-ның ұлттық консультанты Сағадат Сәбитова жүргізуде.

Тренинг істерді жедел қарауға, білікті көмек көрсетуге, қайта бағыттауға ықпал ететін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әлеуеті деңгейін арттыруға бағытталған. Оқу курсы практикалық дайындықтың әртүрлі формаларын біріктіреді: теориялық хабарламалар, топтық сабақтар, ми шабуылы, контекстегі жағдайды ойнау.

Оқу аяқталғаннан кейін әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері өз білімдері мен дағдыларын бұрынғыдан да жақсартып, гендерлік теңдікті күшейту үшін ұлттық және халықаралық құқықтық құралдармен танысады. Зорлық-зомбылықтан аман қалған адамдардың денсаулығын сақтау, психоәлеуметтік қолдау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сот төрелігіне қол жеткізу бойынша қызметтер көрсету стандарттары мен тартылған секторлар қалай өзара іс-қимыл жасауға болатын дамытады.                                                                                       

Аталған тренингке Түркістан облысы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің инспекторлары белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер