Бір тәулікте 47 құқықбұзушылық тіркелді

ffa7fe8c-1975-43de-bae9-c30bd7e9b543.jpg

Түркістан облысының полицейлері "Қауіпсіз жол" іс-шарасының алғашқы тәулігінде 47 жайтты анықтады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысының аумағында ағымдағы жылдың  қараша айының 08-17 аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы басты мақсат - жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, облыс жолдарында апаттылықты төмендету болып табылады. Аталмыш шара барысында Ордабасы ауданы ПБ-ның жеке құрам қызметкерлерімен аудан аумағында, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесуге бағытталған біршама жұмыстар атқарылады.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы тәулігінде Ордабасы ауданы бойынша 47 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 15-і Ресей Федерациясынан әкелінген автокөліктерге қатысты болса, 12 көлік айыптұраққа қойылған. Тарқатып айтар болсақ, ӘҚБтК 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша-13, 606-бабымен « Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы»-2, 600-бабы «Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу» бойынша-9, 591-бабымен « Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы»-11 құқық бұзушылық тіркеліп, хаттама түзілген.

Сонымен қатар айта кететін жайт,  аудан бойынша жыл басынан бері 1000-нан астам Ресей Федерациясынан әкелінген автокөліктерге қатысты әр түрлі баптармен әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті хаттамалар толтырылды. Оның ішінде 450-ден астамы айыптұраққа қойылды.

Түркістан облысының полицейлері, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға ережелерді қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Жол қателіктерді кешірмейді!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер