Есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

bf3fd086-8ded-4669-8937-f8675207e310.jpg

Отырар ауданының полицейлері есірткі затын сақтаған жергілікті тұрғынды анықтады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырар ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғынның бірі есірткі затын сатумен айналысатындығы туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚК 296-бабы, яғни «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер есірткі сақтаған жергілікті тұрғынды анықтады. Тәртіп сақшылары күдіктінің үйін тінту кезінде ауласында орналасқан сарай ішінен пакетке салынған белгілі бір иісі бар затты тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткінің бірі 7 грамнан астам "көкнәр сабаны", екіншісінің жалпы салмағы 400 грамға жуық «марихуана» есірткісі болып шықты. Қазіргі уақытта есірткі құралдарының заңсыз айналымы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз сақтау және таратумен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. Егер сіз осындай қылмыстардың куәсі болсаңыз, тез арада 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер