Төлеби ауданында тендер әпергіш алаяқ қолға түсті

33225.jpg

«Тендер ұтып алып беремін» деп тұрғындарды алдаған күдікті әйел ұсталды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төлеби АПБ-ға  арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді.  Жәбірленушінің  айтуынша , оны  2021 жылдың наурыз  айында  алыс танысы  тендер беремін деп,  әр түрлі  сендіретін сөздер айтып 5 млн теңгесін алған. Алайда жылға жуық уақыт аралығында түрлі сылтаулар айтқан танысы не ақшасын қайтармайды, не берген уәдесін орындамайды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері  ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеді.

Төлеби АПБ-ның  тәжірибелі тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдікті әйелді анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде  жергілікті тұрғынды анықтап ПБ-ға жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары әйелдің бұдан басқа да  тағы бір  азаматтан 1 миллион теңге алып  алаяқтық қылмысы  барын растады. Қазіргі таңда орта жастағы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Бүгінгі таңда мемлекеттік әр түрлі жұмыстарды айтып  алаяқтық жолмен азаматтарды алдап, сенімге кіріп, соңында полицейлердің көмегіне жүгініп жатқандар көбеюде. Сондықтан Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері мұндай алаяқтардан мүмкіндігінше сақ болып, кез-келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер