Полицей көлігі бұзылған азаматқа көмектесті

32333.jpg

Учаскелік полиция инспекторы көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесіп, алғыс алды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жолға шыққан жүргізушілер мен жолаушылар түрлі қиындықтарға, келеңсіз жағдайларға тап болып жатады. Осындай кезде полицейлер көмек қолын созып, жолда қалғандарға қолғабыс етіп, алғыс алатын кездер де аз емес. Мәселен, Арыс-Шардара тас жолында бұзылып тұрған «Mazda» маркалы көлікті байқаған Арыс АПБ-нің учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Әсет Ергашев, бірден автокөлік жанына жақындайды. Жүргізушіден қал-жағдайын біліп, қандай да бір көмек керек пе деп, жөнін сұрайды. Көлігі бұзылған жүргізуші, қасындағы жолаушысы екеуі бірнеше  сағат бойы жол бойында тұрып қалғанын, мүмкін болса жәрдем беруін өтінеді. Содан тәртіп сақшысы жедел әрекет етіп, аталған көлікті сүйреп, діттеген жеріне дейін жеткізеді.

Өз кезегінде көлік жүргізушісі Мақсат Тұтқабаев: «Жол бойында көлігім бұзылып тұрғанда қаншама көліктер зулап өтіп кетті. Ешқайсысының  көмектесуге құлқы болмады. Бір кезде жаныма қызметтік көлігімен полицей тоқтады. Ризамын, ол жағдайымды біліп, дереу көмектесті. Қожатоғай ауылынан, Арыс қаласына дейін 40 шақырымға сүйреп әкелді. Алла разы болсын! Осындай қиналғанда қолдау білдіретін жігіттеріміз көп болсын! Өзі жас полицей екен, жұмысы алға бассын!»-деп, шынайы ризашылығын жеткізді.

Анықталғандай, осыдан 5 ай алдын ішкі істер саласына қызметке орналасқан тәртіп сақшысы Ә.Ергашев күнделікті қызметтерін атқару кезінде көмек қажет еткен жанды қуантып, игі іс жасаған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер