Ішу үшін ұрлық жасаған күдіктіні жарты сағатта ұстады

e1f27af8-5427-4667-a5eb-501601a32601.jpg

Сайрам ауданында ішімдік сатып алу үшін, ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өз арызында күндізгі уақытта тұрғын-үйінің ауласында тұрған "Опель Вектра" маркалы автокөлігінің жүк салғышынан белгісіз біреу бірнеше құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарын жымқырып кеткенін хабарлады. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асады.  Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеуге алынды.                                             

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, кінәліні ұстау мақсатында сайрамдық тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер, учаскелік полиция инспекторлары жақын аумақтарды қарап, көршілерінен сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Осылайша жинақталған ақпарат көздері арқылы полицейлер, небары 30 минут ішінде күдіктінің жеке-басын анықтады. Ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.                 

Анықталғандай, күдікті оңай жолмен пайда табу мақсатында ауласы қоршалмаған танысының үйінен өтіп бара жатып, аулада есіктері ашық тұрған көлікті байқап, жанына жақындаған. Яғни күдікті жүк салғыштағы пайдаға асатын заттарды жымқырған. Одан ары ұрланған бөтеннің заттарын  бір шөлмек ішімдік үшін өткізіп жіберген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде алынған құрал-жабдықтар, заңды иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері өз мүліктеріңізге барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше аулаларыңызға бейнебақылау камераларын орнатыңыздар. Ал көліктеріңізге дабылқаққыш орнату қажет. Қауіпсіздік шараларын іске асыратын болсаңыз, ұрылардың жолы жабылмақ деп кеңес береді. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер