Жалған вакцина құжатын жасаған аурухана қызметкері ұсталды

index.jpg

Түркістан облысының полицейлері жалған вакцина құжатын жасап берген аурухана қызметкерін анықтады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазығұрт ауданы ПБ-ға Атырау облысы Полиция департаменті Құрманғазы ауданы полиция бөлімінен қатынас хат келген. Онда Қазығұрт ауданында Атырау облысының әйел тұрғыны вакцинаның жалған құжатын жасатқандығы туралы көрсетілген.

Хабар келісімен қазығұрттық полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшыларының тарапынан жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қызметтік мүмкіндігін негізсіз пайдалану арқылы төлқұжаттарды қолдан жасаумен және өткізумен айналысқан Қазығұрт аудандық ауруханасының қызметкері анықталып, белгілі болған ер азамат ПБ-ға жеткізілді.

Полицейлер аталған жайтты ҚК 385-бабы, яғни «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарына кірісті. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға заңға қайшы келетін әрекеттер үшін заңмен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер